Енді салымшылар мен алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
Алматы, Қазақстан -Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлады. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
Қазір терминалда мынадай қызметтер қолжетімді:
- Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;
- Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу;
- Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру;
- Жеке деректемелерді өзгерту;
- Берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.
Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар:
- ЖСН және құпия сөз (пароль);
- Жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы.
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметі пайда болады.
«БЖЗҚ» АҚ-тың басты міндеттерінің бірі – ақпараттық-кеңес беру қызметін Қор мамандарының тікелей көмегінсіз алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі