"Global petroleum prices" халықаралық рейтинг агенттігі  Орталық Азия елдеріндегі бензин бағасының рейтингін жариялады.

«Global petroleum prices» жүргізген зерттеулер бойынша, Орталық Азия елдері арасында Қырғызстан бензин қымбаттығы жағынан көш бастап тұр. Бұнда жанаржағармайдың бір литрі 65 цент. Ал екенші орынға мұнай мен газдың үстінде отырған Қазақстан жайғасқан. Қазіргі таңда елімізде бензиннің бір литрі 56 цент тұрады. Үшінші орында аймақтың екінші экономикасы саналатын Өзбекстан Республикасы. Оңтүстіктегі көршілеріміз жанаржағармайдың бір литрін 52 центтен саудалап жатыр. Ал аймақ бойынша ең арзан бензин Түркіменстан да. Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың басқаруындағы елде бензиннің бір литрін 43 центке сатып алуға болады.

Жалпы, әлем бойынша ең арзан бензинді Венесуэлада сатып алуға болады. Бұл елде жанаржағармайдың бір литріне бір цент төлейсіз. Ал ең қымбат бензинді Исландиядан табасыз. Бұнда жанармайдың бір литрі 2,14 доллар тұрады.

“The Qazaq Times”