ҚР ҚМ Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы оқу-жаттықтыру орталығының базасында әскери қызметшілердің балалары арасында әскери-спорттық ойындар бойынша ІІ Спартакиада өтті.

Екі күн бойы жас спортшылар қазақ күресі, кіші футбол, үстел теннисі, таеквондо және эстафета сынды спорттың бес түрі бойынша сынға түсті. Сондай-ақ, іс-шаралар аясында Армия орталық спорт клубының атақты спортшылары балаларға арнап шеберлік үйірмелерін өткізді.

Үздіктер атану үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 10 гарнизонынан, атап айтсақ, Алматы, Аягөз, Гвардейск, Капшағай, Приозерск, Сарыөзек, Семей, Өскемен, Үшарал және Шымкент гарнизондарынан келген 100 аса әскери қызметшілердің балалары күреске түсті.

Сондай-ақ, шараға қадірлі қонақтар ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру бойынша бөлім басшысы Жасұзақова Гүлнар Ұлтыбайқызы, сонымен қатар, ҚР ҚК түрлері Басқолбасшылары басқармаларының, ҚР ҚК Құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлері, ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әуе қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру бойынша қызмет басшылары да қатысты.

Жарыс қорытындылары бойынша жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар кубогы Аягөз гарнизонынан келген жас спортшыларға бұйырды. Екінші болып тұғырға Сарыөзек гарнизонының балалары көтерілсе, ал үшінші орынға Гвардейск гарнизонының жеткіншектері ие болды.



















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі