Бүгін Ашхабад қаласында Құрбанғұлы Бердімұхамедов пен Иран басшысы Хасан Рухани кездеседі – деп хабарлайды Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі.
Иран президенті Хасан Рухани бүгін Ашхабад қаласына ресми іс-сапармен келген. Ол іс-сапар барысында Түркіменстан басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі жақтық қарым-қатынасты дамыту, халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Бірақ сарапшылар пікірінше, Хасан Руханидің бұл жолғы сапары негізінен Түркіменстан мен Иран арасындағы газ дауына арналады және осы бағытта бір қатар құжаттарға қол қойылады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін 2017 жылдың желтоқсан айында Иран тарапы Түркіменстанды газ дауына байланысты халықаралық сотқа беретінін мәлімдеген. Ал ресми Ашхабад Теһранның бұл шешімін қолдайтынын айтқан. Екі ел арасындағы газ дауы Иранның Түркіменстан алдындағы қарызын өтемеуінен басталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?