Еуроодақ пен Түркия келісімге келе алмады – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
26 наурыз күні Болгарияның Варна қаласында Еуроодақ-Түркия саммиті аяқталды. Саммитен кейін журналистер алдында сөз сөйлеген Еуроодақ кеңесінің төрағасы Дональд Туск: «Біз Еуроодақ-Түркия саммитінде белгілі бір келісімге келе алмадық. Бірақ біз өзімізді мазалайтын сұрақтар тізімін айттық. Ал ол тізім өте ұзақ» - деген.
Атап айтқанда Еуроодақ өкілдері саммит барысында ресми Анкараны Түркия аумағында Еуроодақ азаматтарын ұстамауға, Сүрияның Африн аумағынан әскерін шығаруға және Кипр Республикасында жүргізіліп жатқан газ бұрғылау жұмыстарына кедергі келтірмеуге шақырған. Ал өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саммит басталмай жатып Еуроодақты екі жүзді саясат ұстанып отыр» деп айыптап, ресми Анкараның ұзақ жылдар бойы ұйымға толыққанды мүше бола алмай келе жатқанын алға тартқан.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап