АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин «Дональд Трамп Қытаймен сауда соғысын жүргізуден қорықпайды» – деп мәлімдеді.
Мнучин 25 наурыз күні «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың Қытай тауарларына салған 60 миллиард доллар көлеміндегі кеден салығына байланысты ресми Бейжіңнің сауда соғысын жариялауынан Дональд Трамп кері шегінбейді және қорықпайды. Біз кеден салығын енгізу бойынша жұмыстарымызды жалғастырудамыз. Президент Трамп айтқандай, біз сауда соғысынан қорықпаймыз және біздің мақсатымыз соғыс емес» - деген.
Естеріңізге салайық, АҚШ Дональд Трамп қол қойған президент меморандумынан кейін Қытай тауарларына 60 миллиард доллар көлемінде кеден салығын салған. Сарапшылар «ресми Ақ үйдің бұл қадамы АҚШ пен Қытай сауда соғысына алып келеді» - деген. Осыдан кейін «Dow Jones Industrial Average» және «S&P 500» компанияларының халықаралық қаржы нарығындағы индекстері 6 пайызға құлдыраған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?