Еуропалық одақ технология саласындағы ірі компанияларға салынатын табыс салығын арттыруы мүмкін. Еурокомиссия қазір осындай ұсынысты қарап жатыр, деп хабарлады 24.kz.
Болжам бойынша, интернет алыптары желіде жарияланған жарнама мен тұтынушыларының санына қарай мемлекетке салық төлеп отырады. Бұған дейін компанияның штаб-пәтері қай мемлекетте болса, салықты тек сол елге төлеп келген.
Салық халықаралық нарықта 750 миллион еуродан артық пайда табатындарға, ал Еуроодақта 10 миллионнан астам таза табыс көретін компанияларға ғана енгізілуі мүмкін. Яғни бұл америкалық Google, Amazon, Facebook және Apple компанияларына едәуір салмақ салуы мүмкін.
Дегенмен экономика жөніндегі еурокомиссар Пьер Московисидің айтуынша, бұл АҚШ экономикасына қарсы бағытталмаған.
"Біздің бұл бастамамыз белгілі бір компания немесе мемлекетке қарсы бағытталмаған. Жаңа ереже 120-150 компанияға әсер етуі мүмкін. Олардың арасында америкалық, еуропалық компаниялар бар", - деді Пьер Московиси.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды