2011 жылы төңкеріс кезінде "Ливия халқына қарсы қылмыс жасады" деп айыпталған, алайда 6 жылдан кейін бостандыққа шығарылған Сейф Әл-Ислам Каддифи алдағы президенттік сайлауға түспекші. Ол 34 мемлекеттік қызметкермен бірге өлім жазасына кесілген еді.
Сейф Әл-Исламның есімі Ливияның бұрынғы басшысы Муамар Каддафидің ұлы ретінде оқырманға көптен белгілі. Алайда, кезінде әлемдік деңгейдегі аса даулы мәселемен аты шыққан "тентек ұлдың" бұлайша президент тағына деген үміткерлігі көпшілік үшін тосын жаңалық болып тұр. Сейф Әл-Исламның адвокаты Халид Әл-Гувейл Тунисте ұйымдастырылған баспасөз брифингінде оның сайлауға қатысты шешімін ресми түрде хабарлады. Сейф Әл-Ислам Каддифидің Ливияны "құтқарғысы" келетінін айтқан Гувейл: "Сейф Әл-Ислам Қаддифи оқшауланған, азғындалған қоғамнан ада, жаңа Ливияны құруға бағытталған Ливия Ұлттық құтқару майданының атынан үміткерлікке түседі", - деді.
Ол сондай-ақ, Сейф Әл-Исламның сайлауда қолдауға ие болу үшін Ливиядағы тайпалармен де кездесетінін айтты. Қазіргі уақытта Ливияда президенттік сайлау дайындықтарының басталып кеткендігі белгілі. Ал аталған мәселенің нақты қалай шешілетіні әзірге белгісіз.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?