Еуропалық одақ елдері Трамп әкімшілігін "ядролық бағдарлама жөніндегі келісімнен" бас тартпауға көндіру үшін Иранға қарсы санкция салмақ.
Германия, Франция және Ұлыбритания сыртқы істер министрлері келесі аптада Иранның зымыран бағдарламалары және "Иранның Сүриядағы соғысқа қатысы" бойынша ұсыныстарды талқыламақ. Бұл туралы қандай да бір жасырын құжаттарға сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлап отыр.
Ақпаратта айтылғандай, ЕО тарапынан Иранға қарсы салынатын санкция 2018 жылдың қаңтар айындағы Трамптың ультиматум қоюына берілген жауап болуы мүмкін. АҚШ болса конгрестен мамыр айында Иранмен келісімді ұзартуды сұрамайтынын мәлімдеген. Ал ЕО болса санкция салу арқылы Иранмен "ядролық бағдарлама келісімін" сақтап қалуға тырысатын сияқты.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?