ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің 2017-жылғы жоспарлы шаралары аясында елімізде болып жатқан әлемдік ірі спорттық шара–Универсиаданы қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті Өскеменде жастар арасында «Универсиаданы қолдау акциясын» өткізді. Бұл туралы мешіттің баспсөз қызметі хабаралды.
Акция аясында Өскемен қаласындағы шаңғы базасында қыздар арасында конькимен сырғанау жарысы болды. Жарысқа «Халифа Алтай» мешітінің «Әйелдер–қыздар секторының» шәкірттері белсенді қатысты. Мешітте діни білім алып жүрген қыздар мен әйелдер таза ауада, көк айдында конькимен сырғанап, сайыстың көрігін қыздырды.
Айдынның екінші бөлігінде сауат ашу курсының шәкірттері мен спорт сүйер жамағаттар өзара шаңғымен сырғанап, сайысқа түсті.
Қос сайыс қызықты, тартысты жүрілді. Әуесқой шаңғышылар аянып қалған жоқ. Бар өнерлерін салды. Сайыста оза шапқан конькиші қыздармен шаңғышы жігіттерге өкілдік тарапынан сыйлық ұсынылды.
«Біз бұл шараны Алматыда алауын жақан Универсиаданы қолдауға арнап өткізіп отырмыз. Еліміз үшін аса маңызды бәсекеге қолдау білдіру мақсатымыз. Сонымен қатар жастар арасында қысқы спорт түрлерін насихаттауға бағытталыған. Салауатты өмір салтын сқатау барлығымыздың атсалыстатын ісіміз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Конкиші қыздар да акцияға үн қосты
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?