Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Сүрияда апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында 39 адам болған.
Қорғаныс министрлігі әзірге қаза тапқандардың аты-жөнін жарияламады. Mash телеграм-каналының мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштерінің 6-армиясына тиесілі Ан-26 ұшағы Алепподан Хмеймимге ұшқан. Әуе кемесінде жолаушылар да болған.
"Ұшақ Хмеймим аэродромына қонар кезде апатқа ұшырады. Бортта 33 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған", – деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі. Онда сонымен бірге ресейлік әскери қызметкерлер бар.
Ресей тергеу комитеті ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғаған.
2018 жылдың ақпан айында Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш Роман Филипов жерге қонып, бірақ құрлықтағы ұрыс кезінде қаза тапты.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды