Малидің орталығындағы Мопти (Mopti) аймағында болған жарылыстан 4 адам жарақат алып, БҰҰ-ның 4 бітімгері қайтыс болды, - деп мәлімдейді Al Jazeera ақпарат агенттігі.
БҰҰ-ның Малидегі миссиясының ақпаратынша, олардың көлігі сәрсенбі күні жарылған. Аса ауыр жарақат алған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін медициналық қызметкерлер әлі жанталасып жатыр.
Сейсенбі күні тағы бір жарылыстан Малидің 6 сарбазы қайтыс болды.
Миссия басшысы Махамат Салех Аннадифтің (Mahamat Saleh Annadif): "Террористер қаланың қуыс-қуысына жарылғыш заттарды орналастырып кетеді", - дейді.
БҰҰ-ның Малидегі миссиясы 11 мыңнан астам әскери қызметкерлері бар, 2013 жылы құрылған әлемдегі ең қауіпті бітімгерлік операциялардың бірі (қарулы топтар үнемі оларға шабуыл жасап тұрады).
БҰҰ мәліметінше, 2013 жылдан бері миссияның 146 мүшесі қаза тапқан.
Малидегі жағдай 2012 жылдан бастап тұрақсыз, себебі сол кезде қарулы топтар елдің солтүстік аймағын толықтай қолдарына алған. Олар бір жылдан кейін Франция араласқаннан соң ғана аймақты босатты.