Қазақстан мен Өзбекстан әскери-техникалық бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болды.
Ақпан айының 23-і күні Қазақстан мен Өзбекстан арасында әскери-техникалық байланыс орнатуға байланысты келісім күшіне енді. Аталмыш құжатқа қос тарап 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Ташкент қаласында қол қойған.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, құжат күшіне енген күннен бастап, Қазақстан мен Өзбекстан тең дәрежеде барлық заңдық нормаларды ескере отырып әскери-техникалық байланыс орнататын болады және алдағы уақытта аталмыш саланы жаңа деңгейге көтереді.
Естеріңізге салайық, бұдан бөлек Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық байланысты да күшейткен. Бұл бағытта екі ел шекарасындағы тексеру бекеттері күрделі жөндеуден өтіп, жүк өткізу қарқыны бірнеше есеге артқан.
Жалпы, Өзбекстанда билік басына Шавкат Мирзиеев келгелі бері ресми Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа деңгейіне көтерілген. Бұған дәлел Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевтың бастамасымен Астана қаласында Орталық Азия елдері басшыларының саммитінің өтуі мен екі ел президенттерінің жиі кездесуі.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді