Солтүстік Қазақстан облысында әкімшілік шығындар 129 млн теңгеге қысқарды Бұл цифрды облыстық қаржы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Наталья Дышкант СҚО әкімдігінің отырысында жария етті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Отырыста жекешелендіру аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға 37 ұйым, оның ішінде 24 коммуналды кәсіпорын және «Солтүстік» ӘКК-нің 13 ұйымы кірген. Жекешелендіру аясында әкімшілік шығындар 129,6 млн теңгеге қысқарған. 2016-2018 жылдары 73 млн теңгенің 15 ұйымы сатылды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов үнемделген қаржы әлеуметтік салаға бағытталатынын мәлімдеді.
«Бюджет есебінен күн көру өте жеңіл. Біз кәсіпорындарды жекешелендіріп, бәсекелестік ортаға бердік. Жыл санап мемлекеттік шығындардың көлемі азайып отыру керек. Қазір мемлекет білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласын қаржыландыру қажет. Бұл басым бағыттар. Қалғаны бәсекелестік ортада жұмыс істегендері абзал»,- деді Құмар Ақсақалов.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?