Қытай билігіндегі жоғары лауазымдылар арасында бірқатар кадрлық өзгерістер болып жатқаны белгілі. Қытай үкіметінің маңызды тұлғаларының бірі Уаң Чишанның (Wang Qishan) саяси сахнадан қайта бой көрсетуі әсте кездейсоқ жағдай емес. Қытай басшысы Ши Жинпиң ол үшін Қытай жетекші партиясы ішіндегі жоғары лауазымдыларының қызмет мерзімін өз бетінше өзгерткен. Бұдан сырт Қытай басшысы алда болатын Жоғары Халықтың конгресс (Халықтық құрылтай) кезінде өзінің өкілетті мерзімін ұзартуы мүмкін. Бұл туралы 22 ақпан күні NTDTV ақпараттық сайты хабарлады.
Гонконгтегі Oriental Daily News басылымының хабарына қарағанда, Уаң Чишанның нақты қандай міндетке тағайындалатыны алдағы айда белгілі болатынын айтқан. Шетелдік БАҚ-тардың болжауынша Уаң Чишан Қытай басшысының орынбасары болуы да бек мүмкін. Оған қоса Қытай-АҚШ қатынасын реттеу және «Үлкен Қытай» мәселесін орнықтыру секілді ҚХР-ның негізгі мүдделеріне саятын міндеттерді жүктемек.
Ақпанның бас шенінде RFA-ның бұл жөніндегі хабарында: «Уаң Чишан лауазымды міндетке қайта тағайындалды, іс жүзінде оның билігі Қытайдың өзге мәнсаптыларынан әлдеқайда жоғары. Бұның өзі Бейжің билігінің Ши мен Уаңның уысында тұрғанын көрсетеді», – делінген. Бұдан тыс, RFA Уаң Чишанның қайта тағайындалуы Ши Жинпиңның шексіз билік құруына бастамашылық рөл атқарды деген көзқарас айтады.
Дегенмен, Уаң Чишанның мемлекеттік басқару істерінде қайта бой көрсетуіне байланысты Қытайдың іші-сыртындағы ақпарат көздері әр түрлі болжам айтады. Арасында, оның маңызды билік жүргізе алатынын жоққа шығаратын көзқарастар да бар. Ал ҚХР төрағасының өкілеттілік мерзімін ұзартуы туралы шетел сарапшылары: «Бұл Қытай билігінің Ши Жинпиңді мақсатты түрде шексіз билік құрушы ретінде көрсетіп отырғаны», – деген пікір айтады.