БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сүрия бітімі үшін күш біріктіріп, «Сүрияда бір ай гуманитарлық бітім» жасамақ. Бұл бастаманы ақпан айындағы кезекті төраға Кувейт пен Швеция көтерген. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Жобаның дауысқа салу халықаралық қауымдастық мүшелері арасында кеше кеште басталды. Мақсаты Сүрияға гуманитарлық көмек жеткізуді қолға алу. Оның сыртындағы әуе шабуылдары болып жатқан Шығыс Гутадағы тұрғындарды эвакуациялау үшін бір айға бітім талап етті.
Екі күн бұрынғы отырыста Ресей тарабы жобаға келісім бермейтінін, жобаға өзгеріс енгізу талабын қойып, өз ұсыныстарын ортаға қойған болатын. Дегенмен, Ресейдің ұсынысы дауысқа салу кезінде қолдау табуы екіталай.
Қауіпсіздік кеңесте бір жобаның толық қабылдануы үшін, тұрақты мүшелері айталық АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция вето қоймауы және 15 мүше елдің тоғызы мақұлдаудан өткізуі керек.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес