Орталық Азия Еуропа мен Азияны жалғайтын стратегиялық маңызға ие аймақ – деп мәлімдеді Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Петер Буриан.
Петер Бруиан Астана қаласында өткен «Еуроодақ пен Орталық Азияның қарым-қатынасына 25 жыл: Өткеннен болашаққа дейін» атты конференцияда Орталық Азия жөнінде мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Мен қателеспесем Орталық Азия елдерінің басшылары наурыз айында Астанада бас қосады. Біз бұндай бастамаларды қашан да қолдаймыз. Біз аймақ басшыларының ешқандай делдалдардың қатысуынсыз келісімге келіп, сыртқы күштерге қарсы тұратын өз стратегиялық жоспарларын құрғанын қалаймын. Біз Орталық Азияның шын мәнінде дамуын қалайтын тараптармен жұмыс істеуге дайынбыз. Еуроодақ Орталық Азия елдерінің экономикасын модернизациялауға көмектесе алады» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде «наурыз айында Астана қаласында Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өтеді» деген ақпарат тараған болатын. Оны ұйымдастыруға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев мұрындық болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?