Ақ үй лауазымдыларының айтуынша, Трамп үкіметі Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, қарашада болатын парламент сайлауына араластырмауға дайындалып отыр. Бұл туралы VOA ақпараттық порталы хабарлады.

Ресейге 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына араласты деген айып тағылған болатын. АҚШ-тың Республикашылдар және Демократтар партиялары президент Трампты "Ресейге қарсы Конгресс бекіткен санкцияны толық іске асырмады деп айыптады. Ақ үйдің ресми өкілдері берген жауабында дайындалған заң жобасының ағаттықтарынан санкцияның баяу жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы нақты жауап беруден бас тартқан.

АҚШ Ұлттық сараптама орталығының жетекшісі заң шығарушы өкілдерге айтқан сөзінде: "Ресей болса 2016 жылғы АҚШ-тың президент сайлауына араласу ісі сәтті болды деп қарап, биыл қараша айында болатын парламент сайлауына да дайындалып отыр", – деп ескертті.

Кеше бұл тақырып туралы сөзге тартқанда президент Трамп: "2016 жылы АҚШ президент сайлауына Ресейдің араласуына Обама үкіметі не үшін жол беріп, қарап отырды?" – деген сұрақ арқылы өз көзқарасын білдірді.  

 “The Qazaq Times”