Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығын құрметтеу керек» - деп мәлімдеді.
Сергей Лавров Сүрияның Африн аумағындағы әскери операцияларға байланысты журналистер алдында сөз сөйлеген. Онда ол: «Африн аумағына қатысты мәселелердің барлығы Сүрияның территориялық тұтастығы негізінде шешілуі тиіс. Біз қандай мәселе болса да ол Сүрия болсын, басқасы болсын кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығын құрметтеу арқылы шешілгенін қолдаймыз. Түркияның өз қауіпсіздігіне алаңдауы заңды. Бірақ оны Сүрия билігімен тікелей диалог жүргізу арқылы да қамтамасыз етуге болады» - деген.
Бір қызығы ресми Мәскеудің өзі 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін аннекциялаған болатын. Ал Ресей қарулы күштерінің қатысы бар делінген Донбасс пен Луганскіде әлі күнге дейін соғыс жүруде.
Естеріңізге салайық, 20 қаңтар күні Түркия Сүрияның Африн аумағына әскерін кіргізген болатын. Ресми Анкараның бұндай қадамдарға баруына АҚШ-тың «Сүрияда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақ құрамыз» - деген мәлімдемесі себеп болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?