Бразилия президенті Мишель Темер (Michel Temer) есірткі бизнесінің төңірегіндегі зорлық-зомбылыққа жауап ретінде Рио-де-Жанейроның қауіпсіздігін толық бақылауына алатын жарғыға қол қойды, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар ел басшысы барлық аймақта қауіпсіздік операцияларын басқару үшін арнайы министрлік құратынын айтты.
«Бір аймақтың жағдайы нашарлай бастағанда әдетте көршілес қалаларда да дәл сондай жағдай байқалады. Соның алдын алу үшін Рио-де-Жанейродағы әлсіздерді қорғау жолында белсенді түрде жұмыс істейміз», - дейді президент.
1985 жылы әскери диктатураны басынан кешірген елде бұл шешім қоғамдық пікірді екіге бөлді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әскери интервенцияны қолданғанда өте абай болу керек. Себебі билікті асыра пайдалану мен қоғамдық тәртіпсіздік арасында демократия мен еркіндік ұмытылмағаны жөн. «Бір жағынан, губернатормен келіспеуге де болмайды, елдегі зорлық-зомбылық деңгейі өмірде болмаған жоғары деңгейге көтерілді» - дейді тұрғындар.
Тіпті осы жылы өткен карнавал кезінде де жергілікті бандалар туристер көп жүретін орындарға қарумен кіріп келіп, ұрлық жасаған (суретте көрсетілген).
Бірақ ол самба мектептеріне Теммер режиміне қарсы наразылықтарын білдіруге еш кедергі келтірмеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті