Теһраннан (Tehran) Ясудж (Yasuj) қаласына ұшып бара жатқан 66 жолаушысы бар ұшақ кеше, 18 ақпан күні, апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Жедел көмек көрсету қызметінің өкілі Мойтаба Халединің (Mojtaba Khaledi) сөзінше, Aseman Airlines әуе компаниясы қарамағындағы ұшақ Семиром (Semirom) қаласының маңындағы таулы аймақта құлаған. Билік өкілдерінің айтуынша, ұшақ астанадан көтерілгеннен кейін шамамен 50 минутқа радардан жоғалып кеткен. Апатқа не себеп болғаны жайлы әлі де ақпарат жоқ.
"Мехр" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ауа-райы тұманды болып тұрғандықтан, тікұшақ апат болған жерге қона алмаған. Төтенше жағдай қызметкерлері құрлықпен жетуге тырысып бағуда.
Соңғы бірнеше онжылдықта Иранда бірнеше ұшақ апаты болды. Теһранның мәлімдеуінше, жаңа ұшақтар немесе оның бөлшектерін батыстан сатып алуға АҚШ кедергі келтіріп отырған көрінеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр