Әлемнің алдынғы қатарлы автокөлік өндірушілері өткен бір жылдың қорытындысын шығаруда. Бір жыл бұрынғы қорытынды да жапонның Toyota-сы немістің Volkswagen-ін артта қалдырып кетіп еді, қазір не болды? Биылғы гиганттар рейтингінде кім көш бастады? Біріктірілген Renault-Nissan-Mitsubishi көшбастай алды ма? Осыған дейін гиганттар лидері америкалық General Motors өз орнын сақтай алды ма, жоқ па? Бұл сұрақтардың жауабын BBC-дің онлайн қызметі іздеп көрді.
Аталған саладағы «жілігін шағып, майын ішкен», білікті маман-сарапшыларының көбі көшбасшылық басымдылықты біріктірілген Renault-Nissan-Mitsubishi тобына беріп отыр. Француз бен жапон компанияларының бірлестігін 2017 жылы Renault-Nissan-Mitsubishi деп өзгерткен еді. Бұл біріккен өндірушілер автокөліктің бірқатар брендтерінің иесі. Оның ішінде Dacia, Datsun, Infiniti және Renault Samsung Motors қатарлылары да бар. Олардың берген мәліметінде 2017 жылы 10,61 млн автокөлік және жүк көліктерін жасап шығарған.
Рейтингті қорытындылау сарапшыларға оңай болмады. Себебі, рейтингті қай тұрғыдан жасау туралы талас көп. Айталық, Volkswagen былтыр бір жылда 10,74 млн дана автокөлік сатқан, оның ішінде ауыр жүк көліктері де бар. Ал америкалық General Motors болса өз есебінде спорттық көліктерді де жүк көліктері қатарлы есептеген. Сингапур, Малайзия, Тайланд елдерінде Toyota Hilux те жүк көлігі қатарына жатқызылады.
Дегенмен эксперттердің көбі бұл жолы басым дауысты Renault-Nissan-Mitsubishi бірлестігіне беріп отыр.
Халықаралық автокөлік өндірушілер ұйымы (OICA) да өз статистикалық мәліметін ұсынып отыр. Бұл ұйым автокөліктердің барлық түрлерінен статистикалық мәлімет жинайды.