Questra World, A.G.A.M., Forex Trend, Panteon Finance сынды қаржы ұйымдарын құрған Павел Крымов Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, Questra World Қазақстанда қаржы пирамидасы ретінде аталған болатын.
Ресейдің құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда Крымов 2018 жылдың 6 ақпанында Шереметьевода ұсталған. Тексеру жүргізу кезінде Ресей билігінің өкілдері оның Қазақстанда іздестіріліп жатқанын анықтаған. Себебі Қазақстанның қылмыстық полициясы кәсіпкерді ұстауға көмектесу туралы өтініш жіберген.
Жәбірленушілердің берген мәліметтері бойынша соңғы жылдары Крымов өзінің "жобалары" арқылы 30 млн доллардан аса қаржы тапқан. Бұдан бөлек ол Украина және Беларусь территориясында да жұмыс істеген.
Енді алаяқтықпен ұсталған күдікті 2018 жылдың 17 наурызына дейін Мәскеуде қамауда болады. Алдағы күндері, яғни қамауда отыру мерзімі аяқталғанға дейін Крымов Алматыға экстрадицияланып, Қазақстан сотына берілуі мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?