АҚШ лауазымдылары мен келіссөзге жауапты тұлғалардың мәліметіне қарағанда, Ақ үй былтыр желтоқсан айында АҚШ-Иран ортасында құпия келіссөз орнатып, тұтқындарды босату туралы өзара келісімге келуді ұсынған. Бұған қоса осы мәселе жөнінде АҚШ тарабы Иранға бірқатар кеңестерді берген. Бұл туралы танымал "The Wall Street Journal" басылымы хабарлады.
Дегенмен, жауапты тұлғалардың талдауына қарағанда, алғашқы ұсынысты Иран тарабы ұсынысты жауапсыз қалдырған. Кейін Уашингтон тарабы кемінде үш рет ұсынысты қайталаса да Теһран (Тегеран) билігі АҚШ өкілдерімен келіссөзден бас тартқан. Иранның қатаң позициясы сол елде қамауға алынған төрт америкалық азаматтың ісін қараусыз қалдырған.
Былтыр желтоқсан айындағы ұсыныс Трамп билікке келгеннен бері алғаш рет Иранға жолданған тұтқындарды босату туралы келісім еді. Президент Трамп Ақ үйге келгелі Иранға қаратқан саясатты барынша қатаң ұстап, өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіруші режим және террорлық күштерді қолдаушы деп айыптап келген. Ал, Трамп үкіметінің құпия келісім арқылы тұтқындарды алмасу ұсынысы жауапсыз қалдырылса, екі ел арасындағы саяси шиеленістер тіпті де күшейте түспек.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті