Түркияның қарулы күштері «Зәйтүн бұтағы» деп атаған әскери операциясы арқылы Африн аймағындағы қарулы күштерді ығыстыра бастаған тұста, Еуропа парламентінде Түркияның бұл әрекетіне наразылықтар күшейе түсті. Еуропа парламентіндегі жүздеген депутат әскери әрекеттерді тоқтату туралы шеру өткізді. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Жүзге жуық депутат қолдарына «Африн жалғыз емес» деп жазылған жалаушаларын, керме туларын көтеріп, Түркияның әскери әрекеттеріне наразылық білдірді. Түркия жақ бұл әрекетті террорлық ұйымды қолдау деп бағалады.
Басты қайшылық Анкара билігі мен Еуропарламенттің YPG (халықтың өзін қорғау қосыны) қарулы күштеріне деген ұқсамаған көзқарастан шығып отыр. АҚШ және ЕО елдері күрд жасақтарын террорлық ұйымдардан және Башар Асад режимінен қорғану күштері деп таниды. Бірақ, Анкара билігі бұл қарулы күштерді Түркия ішіндегі күрдтермен астасқан террорлық ұйым деп қарайды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы