Бангладеш астанасы Дакада ел премьер-министрі Кхаледа Зия (Khaleda Zia) жемқорлық iciмен сотталды. Екі рет сайланған премьер-министр күні кеше сот Ахтаруззаманның (Md Akhtaruzzaman) 632 беттік үкімін тыңдап, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Жабық бөлмеде үкім шығарылғаннан кейін Заң және Парламент істері жөніндегі министр Анисул Хак (Anisul Haque) "Заң бәріне ортақ" деді.
Елдің негізгі оппозициялық одағы - Бангладеш ұлттық партиясының (Bangladesh Nationalist Party (BNP) көшбасшысы Зия және тағы 5 адамға "Zia Orphanage Trust" қаржысын жымқырғаны үшін айып тағылды.
Зияның үлкен ұлы Тарик Рахман (Tarique Rahman) және тағы 4 адам да 10 жылға сотталды. Желтоқсанда өтетін сайлаудың алдында бұл елдегі ең үлкен саяси оқиға болды.
Бангладеш ұлттық партиясының вице-министрі Тарик Рахман 9 жыл Ұлыбританияда тұрып келген.
Президент Зияр Рахманның (Ziaur Rahman) атындағы қайырымдылық қорға аударылған қаржыдан 21 млн (252 мың АҚШ доллары) ұрлағаны үшін 6 адам сотталды.
Сонымен қатар заң шығарушы Куази Салимул Хак (Quazi Salimul Haq), Зияның хатшысы Камал Уддин Сиддик (Kamal Uddin Siddique), Зияның жиені - Моминур Рахман (Mominur Rahman ) және кәсіпкер - Шарфуддин Ахмет (Sharfuddin Ahmed) те 10 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
72 жастағы Зияға шығарылған үкім оны жалпы сайлаудан алыстату мүмкін, себебі ел конституциясы бойынша, 2 жылдан артық мерзімге сотталған адам сайлауға қатыса алмайды.