Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 41 орында тұр және Орталық Азия елдері мен Ресейден озық.
Index of Economic Freedom ақпараты бойынша, Қазақстанның экономикалық еркіндік есебі 69,1%-ға (+0,1%) бағаланып отыр.
"Мемлекет мұнай және өндіріс саласында өзіне сенімді. Сондықтан ел үкіметі көлік, фармацевтика, телекоммуникация, мұнай-химия және тамақ өнеркәсібі сынды салаларды ашуға тырысуда. Дегенмен кейбір қалыпты өзгерістерге қарамастан, инвесторлар сыбайлас жемқорлық, бюрократиядан, аймақтық және муниципалдық деңгейдегі заң үстемдігінен алаңдауда. Бұдан бөлек өтімділік деңгейінің төмен болуынан зардап шегіп отырған банк секторы, ондағы актив сапасының төмен болуы, ашықтықтың болмауы қосымша мәселе туғызуда", - дейді Heritage Foundation сарапшылары.
Орталық Азия елдері арасында аталған рейтингте Қырғызстан 78 орынға орналасқан. Тәжікстан - 106, Өзбекстан - 152, Түркіменстан - 169 орында тұр. Ал Ресей 107 орында.
Экономикалық рейтинг көрсеткіші жоғары ел - Гонконг (орташа балы 90,2%). Бұдан бөлек экономикасы барынша еркін ел ретінде Сингапур (88,8%), Жаңа Зеландия (84,2%), Швейцария (81,7%) танылды.
Ал рейтингте ең соңғы тұрған елдер: Конго (38,9%), Куба (31,9%), Венесуэла (25,2%) және Солтүстік Корея (5,8%).