Түркия армиясының Африндегі әскери операциясы енді Идлибте жалғасатын болады – деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Анкара қаласында журналистер алдында сөз сөйлеген Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сүрия аумағынадғы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы жөнінде мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Қазіргі таңда Сүрияның Африн аумағындағы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы жалғасуда. Біздің оңтүстіктегі күрдтерге ешқандай қарсылығымыз жоқ. Түркияға қауіп төндіретін «Күрдістан жұмысшылар партиясы» мен «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымдар. Осыған байланысты Африндегі әскери операция Идлибте жалғасатын болады» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Иран президенті Хасан Рухани Түркияны Сүрия аумағындағы әскери операцияларын тоқтатуға шақырған болатын. Руханидің сөзінше, бұл соғыс ешқандай нәтиже бермейді.