Қырғызстандық журналист Қабай Қарабеков ел президенті Сооронбай Жээнбековке бес миллион сом көлемінде моральдық шығын өтемесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бүгін Бішкек қаласының Свердлов аудандық соты Қабай Қарабековтың өзіне салынған 5 миллион сом көлеміндегі айыппұлды бөліп төлеуге байланысты арызын қабылдамай тастаған. Оған Бішкек қалалық сот орындаушылар бөлімшесі «сот шешімін орындамай, бес миллион сом өтемақыны уақытылы төлемеген жағдайда оның ісін құқық қорғау органдарына жіберетінін» мәлімдеген. Қабай Қарабаевтың сөзінше, оны алдағы бір-екі аптада түрмеге жабуы мүмкін. Себебі аталмыш сомманы толықтай төлеуге оның ешқандай мүмкіндігі жоқ.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың күзінде президент сайлауы қарсаңында Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков Қабай Қарабековты «24.kg» сайтында жарық көрген «Визит в Сочи. Кремлю вновь обьяснят, чем хорош приеемник?» атты мақаласы үшін сотқа берген болатын. Кейіннен қазан айының 5-і күні Бішкек қаласының Свердлов аудандық соты Қабай Қарабеков пен «24.kg» сайтының редакциясын кінәлі деп танып, Сооронбай Жээнбековтың ар-ожданына нұқсан келтіргені үшін қос тарапты бес-бес миллионнан он миллион сом өтемақы төлеуге міндеттеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?