2017 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстанға 755,7 млн долларға телефон аппараттары мен ұялы телефондар импортталған.
2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш (528,9 млн доллар) 42,9%-ға өскен.
Импортталған тауралардың ең көп бөлігі Қытайдікі. Аталған ел Қазақстанға жеті ай ішінде 413,7 млн долларға ұялы байланыс құрылғыларын сатқан және бұл 2016 жылға қарағанда 54,3%-ға жоғары.
Ал Вьетнамнан әкелінген тауар құны 184,1 млн доллар (34,1%-ға артық). Ресей 50 млн долларға телефон құралдарын жеткізген (55,5%-ға артық). Малайзиядан 13,8 млн долларға (88,1%-ға артық) , АҚШ-тан 16,7 млн долларға (2,1 есе жоғары), Германиядан 4,3 млн долларға (3,6 есеге артық) телефон құрылғылары жеткізілген.
Бұдан бөлек, Қазақстанға Нидерланды 6,5 млн долларға, Эстония 5 млн долларға, Оңтүстік Корея 3,9 млн долларға құрылғылар сатқан.
Айта кетейік, қазіргі кезде мұндай металл құралдардың көбеюі кез келген елге зиян келтіреді. Ал оны игерудің амалы - қайта өңдеуге жіберу. Ал Қазақстан сияқты дамушы елдерде металл өнімдерді қайта өңдеу орындары тапшы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?