Оңтүстік Африка Республикасында шахтада қалып кеткен мыңға жуық шахтерді құтқару операциясы соңына жетті. Жарықсыз және жер астына қарай бір шақырым тереңдіктегі шахтада қамалып қалған 955 шахтер жер бетіне шықты. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.
Оңтүстік Африка еліндегі «Беатрикс» кені электр қуатынсыз қалған, бұған сол өңірде соққан қатты жел себеп болған. тереңдігі 1000 метрден асатын шахтаға орнатылған лифт тоқтап, жұмысшылар екі күн бойы тас қараңғы шахтада қаламып қалған. Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда жұма күні түсте құтқарушылар лифтті іске қосып, шахтерлерді шығарып алған. Шахтаға жауапты компанияның ешкім де зардап шеккен жоқ деген мәлімет берген.
Оңтүстік Африка әлемдегі ең ірі алтын экспорттаушы болып табылады. Бірақ елдің алтын өндірісі тарауы көптеген қанды оқиғаға толы. Былтыр ғана бір алтын кеніндегі техникалық ақаудың салдарынан 80-нен астам шахтер мерт болған еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел