Құрама Штат президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Конгресс алдында жасаған мәлімдемесінде, апатты жағдайда зардап шеккендер мен қаһармандарға құрмет білдіретінін айта келіп, АҚШ экономикасының табысты жағдайына тоқталды. Ол өз үкіметінің ел экономикасын алға сүйрегенін мақтана сөз етті. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Трамп сөзінде ұзын сонар экономикалық есептерді алға тартты, айталық, елде 2 млн 400 мың адамға жаңа жұмыс орынының ашылған, оның ішінде 200 мыңы өндіруші орын, жалақы жоғарлай түскен, Құрама Штаттағы жұмыссыздықтың 45 жылдан бері ең төменгі деңгейге түскенін айтты. Оған қоса АҚШ-тың қор нарығы 8 трлн долларға өскенін де атап өтті.
Сонымен бірге Трамп өз үкіметінің және Құрама Штаттың болашағы үшін маңызды жетістіктің бірі былтыр желтоқсан айында қол қойылған салық реформасы туралы заң жобасы екенін айтты.
Трамп сөзінде: «Мен осыдан 11 ай бұрын дәл осы жерде америкалықтарға уәде еткенімдей, біз АҚШ тарихындағы маңызды салық реформасын табысты атқардық. Сол арқылы, орта-шағын бизнесті ауыртпалықтан құтқардық», – деді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау