Сүрияның солтүстік аймақтарында күрд қарулы топтарына қарсы операция жүргізіп жатқан Түркия қарулы күштері мәлімдеме таратып, құрлық әскери қосындарына қолдау ретінде ауқымды әуе шабуылдарын жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы сол елдің «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Аталған хабарда Сүрияның Африн аймағындағы PKK, KCK, PYD-YPG және ДАИШ күштеріне қарсы әуе шабуылында, аталған ұйымдардың үш маңызды тұрағын талқандап, террорлық ұйымдардың 33 адамын өлтіргені айтылған. Бұл тұрақтар террорлық ұйымдардың бекіністері мен оқ-дәрі қоймаларын қамтиды.
Мәлімдемеде, 20 қаңтарда басталған «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясында 649 террористің көзін жойғаны айтылған. Сонымен бірге, «Түркия қарулы күштерінің әскери қадамдары террорлық ұйымдардың тұрақтары, қару-жарақ, бекініс және көліктеріне қаратылған. Бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу үшін барынша мұқият боламыз», – делінген.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі