АҚШ Қаржы министрлігі болашақта санкцияға ілінуі мүмкін ресейліктердің тізімін жариялады – деп хабарлайды «Интерфакс Украина» ақпарат агенттігі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қаңтар айының 29-ынан 30-на қараған түні АҚШ Қаржы министрлігі болашақта санкцияға ілінуі мүмкін Ресей билігіне жақын олигархтар мен саясаткерлерінің «Кремль баяндамасы» деп аталатын тізімін жариялаған. Аталмыш құжатта ресейлік 114 саясаткер мен 96 бизнесменнің аты көрсетілген. Олардың ішінде премьер-министр Дмитрий Медведевтен бастап, президенті Владимир Путиннің маңайында жүрген аты шулы олигархтар Роман Аврамович пен Әлішер Усмановтарға дейінгі аралықтағы азаматтардың есімдері бар.
Айта кететін бір жайт, АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған тізімге Владимир Путинге жақын жеке қаржысы 1 миллиард доллардан асатын олигархтар мен саясаткерлер ғана енген.