Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында террорлық ұйым құрмақшы болған өзге елдің азаматтарын ұстады – деп хабарлайды Aikpress ақпарат агенттігі.
Қырғызстан ҰҚК-ның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 13 қаңтар күні арнайы операция барысында 1965, 1964 және 1989 жылдары дүниеге келген М.М, Ю.М, М.О есімді ТМД елдерінің азаматтары ұсталған. Тексеру жұмыстары барысында аталмыш азаматтардың Сүрия мен Ирак аумағындағы террорлық ұйымдардың қатарында болғандығы және М.О есімді азаматтың бұған дейін өз елінде рақымшылыққа ілігу үшін құқық қорғау органдарына өз еркімен барып, деструктивті діни ағымдардың қатарынан шығауға уәде бергендігі анықталған.
Әзірге ұсталған күдіктілердің қай елдің азаматтары екендігі құпия күйінде сақталуда. Қазіргі таңда Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталмыш іс бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.