Түркия армиясы Сүрияның Африн аумағындағы әскери операциясы кезінде жүздеген террористің көзін жойды – деп хабарлайды Oxu. Az ақпарат көзі.
Түркия қарулы күштерінің баспасөз қызметі таратқан мәліметі бойынша, қаңтар айының 20-сы күні басталған "Зәйтүн сабағы" әскери операциясы барысында 597 содырдың көзі жойылған. Ал қаңтар айының 28-інен 29-на қараған түні жүргізілген әуе шабуылы кезінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына тиесілі 44 әскери база талқандалған. Салдарынан 40 террорист оққа ұшып, 4 сүриялық сарбаз жарақат алған.
Естеріңізге салайық, ресми Анкара қаңтар айының 20-сы күні Сүрияның Африн аумағына әскерін кіргізген болатын. Түркия билігінің бұндай қадамдарға баруына АҚШ-тың «Сүрия аумағында шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақ құрамыз» деген мәлімдемесі себеп болған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап