Өзбекстан шекарашылары Қырғызстан азаматына оқ атты – деп хабарлайды Akipress ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Қырғызстанның Жалал-Абад облысының тұрғыны мал жайып жүріп Өзбекстан аумағына өтіп кеткен. Шекараны заңсыз кесіп өткен А.У. есімді азаматты өзбек шекарашылары тоқтатпақ болған. Бірақ ол шекарашылардың ескертуін елемей, оларға қарсылық көрсеткен. Осыдан кейін Өзбекстан сақшылары оған қарсы қару қолданған.
Өзбекстан шекара қызметі таратқан ақпарат бойынша, шекарашылар 27 қаңтар күні мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Қырғызстан азаматына қарсы оқ атуға мәжбүр болған. Себебі ол шекарашылардың ауызша жасаған ескертуіне қарсылық көрсетіп, қашып кетпек болған.
Қазіргі таңда жамбас тұсынан жарақат алған Қырғызстан азаматы Өзбекстанның Наманган облысына қарасты Шу аудандық ауруханасында ем қабылдауда.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап