Қырғызстан жастары Сүрия аумағына басып кірген Түркия әскеріне арнап құран бағыштады.
Жақында You Tube желісінде қырғыз жастарының Сүрия аумағына басып кірген Түркия армиясын қолдап, құран бағыштағаны бейнеленген видеоролик жарияланды. Түркиялық Anadolu Ajansi басылымының мәліметінше, видеороликте Қырғызстанның Ош мемлекеттік университетінің теология факультеті студенттері көрсетілген. Қырғызстандық «Kaktus media» порталының хабарлауынша, бейнеролик жарияланғаннан кейін Түркия телеарналары «Қырғызстан жастары Сүриядағы Түрік армиясын қолдауда» деген тақырыпта аталмыш видеороликті эфирлерінен таратқан.
Видеоролик Қырғызстан ғаламтор қолданушыларын екі топқа бөліп жіберген. Бірі қырғыз жастарының бауырлас Түркия елін қолдағаны дұрыс десе, енді бірі «видеороликте кәмелеттік жасқа толмаған балалар отыр, Қырғызстанға Сүриядағы соғыстың қандай қатысы бар» деуде.
Естеріңізге салайық, Түркия қаңтар айының 20-сы күні Сүрияның Африн аумағына әскерін кіргізген болатын. Ресми Анкара бұндай қадамдарға АҚШ-тың «Сүрия аумағында шекара қорғанысын қамтамасыз ететін әскери жасақ құрамыз» деген мәлімдемесінен кейін барған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды