Кіріспе

2016 жылы АҚШ-та өткен Президент сайлауы кезінде Дональд Трамп жеңіске жетті. Осыдан кейін АҚШ-тың барлау агенттіктері жаңадан сайланған мемлекет басшысының жеңісін Ресейдің астыртын қолдауымен байланыстырып, Мәскеуді "Америкада өткен Президент сайлауына араласты" деп айыптады.

Дәлелдер бар ма?

Дональд Трамп командасының негізгі мүшелері Ресейдің ресми өкілдерімен кездескен. Ол кездесулердің бірқатары тергеу басталғанға дейін жасырын болып келді.

Қандай кездесулер болған?

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флин Дональд Трамп Президент лауазымын алмас бұрын, Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен кездескен. Ол Федералды барлау қызметінен бұл деректі жасырып қалған.

Дональд Трамптың ұлы Президенттің сайлауалды науқаны кезінде қолында Хилари Клинтонқа қарсы айғақтар бар ресейлік қорғаушымен кездескені белгілі болды. АҚШ Президентінің бұрынғы кеңесшісі Джордж Пападопулос та өзінің бірқатар ресейлік тұлғалармен ұшырасқанын мәлімдеді.

Бұл іске тағы кімдердің қатысы бар?

Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бірнеше рет тергеуге шақырылды. Сонымен қатар Дональд Трамптың осы істің тағы бір фигуранты, Федералды барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джеймс Комиді қызметінен босатуы қызу талқылауға ұшырады.

Бұл іс бойынша зерттеу әлі де жалғасып жатыр және Дональд Трамптың Ресейдің дауыс жинауға тікелей атсалысуымен  Президент болғаны дәлелденген жоқ.

“The Qazaq Times”