2018 жылы қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, вирустық гепатитті емдеу үшін 2,7 млрд теңге сомаға 5 препараттың атауы және В вирустық гепатитына қарсы вакцина Бірыңғай дистрибьютордың жүйесі арқылы сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше вирустық гепатитті емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі 2018 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артқан.
Вирустық гепатиттің емі үшін Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препарттарын сатып алады. Бұдан бөлек, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир жаңа атаулары енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
"Биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін және оның ауыр зардаптары, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.