АҚШ президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде CNN телеарнасының журналисін Ақ үйден қуып жіберді.
New York Post басылымының мәліметінше, Джим Акост есімді CNN тілшісі Дональд Трампқа «Сіз мигранттардың келуіне қалай қарайсыз?» - деген сұрақ қойған. Журналистің бұл сұрағына Трамп: «Мен олардың әлемнің әр жерінен келгенін қалаймын» - деп жауап берген. Бірақ осыдан кейін CNN тілшісінің келесі сұрағын тыңдамастан Дональд Трамп оған «Бұл жерден кет» деген.
Кейіннен Джим Акост өзінің Твиттер парақшасында: «Олар маған сұрақ қоюға мүмкіндік берген жоқ. Бұған дейін менің басымнан бұндай оқиға өткен емес» - деп жазған. Ал Ақ үй әкімшілігі аталмыш жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме бермеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды