Ресей ЕАЭО шеңберінде бірыңғай цифрлы платформа құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр - деп мәлімдеді Ресей Президенті Владимир Путин БАҚ басшыларымен өткізген кездесуінде.
Владимир Путиннің сөзінше, бірыңғай цифрлы платформаға ЕАЭО ғана емес оған АҚШ-та, Еуроодақ та көшіп жатыр. Қазіргі таңда кім бірыңғай цифрлы платформаға өтеді сол озады. Ал кім одан қалыс қалады заман көшіне ілесе алмайды. Болашақта бірыңғай цифрлы платформасыз қандай да бір дүниені модернизациялау мүмкін болмайды.
Айта кететін бір жайт, бірыңғай цифрлы платформаға банк жүйесі, экономика, сауда-саттық, автокөлік бөлшектерін модернизациялау сияқты салалар кіреді. Бір сөзбен айтқанда егер Ресей дайындап жатқан бірыңғай цифрлы платформа ЕАЭО-ға енгізілетін болса, онда жоғарыда аталған салалардың барлығы ортақ базаға топтастырылатын болады. Ал «оны кім басқарады?» - деген сұраққа әзірге жауап айту өте қиын.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды