Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қаңтар айының 9-ы күні «Қорғаныс доктринасына» қол қойды.
Өзгертілген доктринада Өзбекстан қарулы күштері өзге елдердегі әскери операцияларға қатыспайтындығы және ел аумағында өзге мемлекеттердің әскери базаларын орналастыруға тыйым салынатындығы жөнінде жазылған. Бұдан бөлек жаңа доктрина бойынша, Өзбекстан қандай да бір әскери одаққа немесе коалицияға мүше болмайды.
Осы уақытқа дейін Өзбекстанда 1995 жылы қабылданған «әскери доктрина» жұмыс істеп келген. Тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы алғашқы «қорғаныс доктринасы» 2000 жылы Ислам Кәрімовтың тапсырмасы бойынша қабылданған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды