Оңтүстік Корея президенті Солтүстік Корея басшысымен келіссөз жүргізуге дайын.
Аталмыш жағдайға байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин журналистер алдында мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Бұл жай ғана кездесу болмауы тиіс. Екі жақтық кездесу өткізу үшін белгілі бір шарттар қойылып, оны орындау керек. Бұл Корей түбегіндегі ядролық қауіп мәселесін шешуге үлкен көмек болар еді. Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея қарым-қатынасының жақсаруы ядролық қауіп мәселесімен тікелей байланысты» - деген.
Естеріңізге салайық, 9 қаңтар күні Пханмунджом демилитаризацияланған аймағында КХДР мен Оңтүстік Корея арасында екі ел қарым-қатынасын жақсартуға байланысты келіссөздер жүргізілген. Келіссөз нәтижесінде Солтүстік Корея спортшылары алдағы уақытта Оңтүстік Корея аумағында өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған болатын.