Иран және Қытай үкіметтерінің ресми мәлімдемелеріне қарағанда, сенбі күні кеште Қытайдың Шығыс теңізінде (Donghai) Иранға тиесілі мұнай тасымалдаушы кемесі мен Қытайдың жүк тасымал кемесі соқтығысқан. Нәтижесінде екі кемеде бірдей өрт шығып, көп мөлшерде мұнай теңізге төгілген. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Хабарға қарағанда, қара түтінге көмілген «Санчы» (Sanchi) деп аталатын танкерде шамамен миллион баррель мұнай болған. «Санчы»-ның мұнай тасымалдау сыйымдылығы 1989 жылы ауыр теңіз ластануын тудырған Exxon Valdez танкерінің мұнай сыйымдылығына таяу. Ресмилерді теңізге төгілген мұнай алаңдатып отыр.
Қытай үкіметі жағынан құтқару, барлау және тазалаушы кемелер жіберілген. Бұған Оңтүстік Корея тарабы да қолдау көрсетіп, бір кеме және бір ұшақ жіберген. Қытай және Иран өкілдерінің мәліметінше, «Санчы» атты кеменің ұзынғы 274 метр болып, онда 30 ирандық және 2 Бангладеш азаматы болған. Қазір олардың жағдайы туралы анық мәлімет жоқ. Оқиға туылудан бұрын мұнай кемесі Ираннан Оңтүстік Кореяның Дисан аралына қарай жүзіп бара жатқан.
Changfeng Crystal кемесіндегі қытайлық 21 экипаж мүшесі құтқарылған. Кеменің корпусы ауыр зақымдалған. Бұл кеме АҚШ-тан Қытайдың Гуаңдоң (Гуандун) провинциясына 64 мың тонна азық түлік алып келе жатқан.
Апатты жағдайға не себеп болғаны әлі анық емес.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді