Пентагон қаңтар айының 19-ы күні АҚШ-тың жаңа әскери жоспарын жариялайды.
АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис аталмыш жағдайға байланысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Пентагон 19 қаңтар күні АҚШ-тың жаңа әскери жоспары жөніндегі құжаттарды жариялайтын болады. Ол екі бөліктен тұрады. Бірі құпия құжаттар топтамасы, енді бірі жалпыға жария етілетін құжаттар топтамасы» - деген.
Естеріңізге салайық, бұл Дональд Трамп билік басына келгелі Пентагон әзірлеген екінші стратегиялық құжат. Бұған дейін Ақ үй әкімшілігі желтоқсан айында Қорғаныс министрлігі ұсынған «ұлттық қауіпсіздік» құжатын жариялаған болатын. Онда АҚШ-қа төнетін басты қауіптің бірі Ресей ядролық қаруы делінген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап