Францияның Президенті Эммануэль Макрон Түркияның Еуроодаққа кіру процесінің жақсы жаққа өзгеретініне үміт жоқтығын айтты. Парижде өткен бірлескен конференцияда Макрон өзінің бұл пікірін Түркияның мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасынан кейін, ел ішінде жүргізген "жаппай тазалау" (күдіктілерді абақтыға жабу, қызметінен босату, қудалау) шараларына байланысты Еуропамен арасында туындаған қайшылықтардың болуымен түсіндірді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Осыдан бұрын Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропаның одаққа қосылу процесі бойынша нақты шешімін созбақтап жүргенінен шаршағанын айтып еді. Ол Еуроодақ басшыларынан Түркияның уақытын алмауын өтінген болатын.
Эммануэль Макрон Еуропа мен Түркияның қазіргі қарым-қатынасына қарап, бұл процестің нәтижелі аяқталатынына үміт артудың қажеті жоқтығын айтты. Дегенмен ол Анкараны маңызды әріптес көреді және Түркия Еуроодаққа қосылмаған күнде де, қос тараптың арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың жақсы деңгейде сақталғанын қалайды.


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр