2018 жылдың 10-30 қаңтары аралығында «Almaty Sales Festival: Winter 2018» жеңілдіктер фестивалі 300 бренд бойынша қаланың 100 сауда ойын-сауық орталығында, 15 конақүйінде және 20 мейрамханада өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеңілдіктер азық-түліктен өзге (киім, техника, косметика, аксессуарлар және т.б.) тауарлардың бірнеше түріне, қызметтерге ұсынылады. Сауда нысандарындағы жеңілдіктер тауардың санатына байланысты 80%, қонақүйлерде 40%, мейрамханаларда 20%-ды құрайды.
«Almaty Sales Festival: Winter 2018» жеңілдіктер фестивалі «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығында 12 қаңтар күні сағат 19:00-де ресми түрде ашылады.
Алматыда Жеңілдіктер фестивалі жыл сайын өтеді. Осы айда өткелі отырған «Almaty Sales Festival: Winter 2018» - жеңілдіктер шарасының үшінші маусымы. Алғашқы фестиваль 2017 жылғы қысқы Универсиадаға, екіншісі «ЭКСПО – 2017» халықарылық көрмесіне орай өткізілген.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?