Ресейдің Сүриядағы әскери әуе базасына шабуыл жасалды – деп хабарлайды Коммерсант газеті.
Басылым мәліметінше, желтоқсан айының 31-і күні аймақтағы лаңкестік топтардың бірі ресейлік әскерилерге тиесілі Хмейми әуе базасын минометпен атқылаған. Салдарынан 4 Су-24 бомбылаушы ұшағы, 2 Су-35С жойғыш ұшағы, Ан-72 жүк тасмалдаушы ұшағы мен қару-жарақ қоймасы өртке оранған.
Бұдан бөлек бейресми мәліметтер бойынша, минометпен атқылау кезінде база аумағында болған 10-ға жуық ресейлік сарбаз оққа ұшқан. Бірақ Ресей Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растамаған.
Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 11-і күні РФ президенті Владимир Путин Ресей әскерін Сүрия аумағынан шығаруға байланысты бұйырыққа қол қойған болатын. Бірақ кейіннен РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сүрия аумағындағы Хмейми әуе базасында Ресей әскери әуе күштерінің бір бөлімі қалатынын мәлімдеген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды