Қазақстанда 2017 жылдың желтоқсан айында азық-түлік бағасы 6,5 пайызға қымбаттады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, елімізде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың желтоқсан айында азық-түлік бағасы 6,5 пайызға қымбаттаған.

Атап айтқанда кондитерлік өнімдер бағасы 10,7%, алкоголь өнімдері 10,3%, сүт өнімдері 9,3%, балық және теңіз өнімдері 8,6%, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері 8,4%, кофе, шай және какао өнімдері 6,2%, нан 2,8%, макарон өнімдері 2,1%, ұн 1,8% -ға өскен.

Ал ет және ет өнімдерінің бағасы 11,4%, ірі қара еті 15,3%, қой еті 14,1%, жылқы еті 9,8%, шошқа еті 9,3%, құс еті 5,8%-ға қымбаттаған.

“The Qazaq Times”